Әлем
1 мин оқу 465

Түркіменстан Президенті Өзбекстанға ресми сапармен барады

<p style="text-align: justify;">Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жақын арада Өзбекстанға ресми сапармен барады. Іс-сапар барысында ынтымақтастық туралы құжаттар пакетіне қол қойылады. Бұл туралы Бердімұхамедов жұмыс бейнеконференциясы барысында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Г.Бердімұхамедов Премьер-Министрдің орынбасары Есенмырат Оразгелдиевке алдағы аптада қол қоюға дайындалып жатқан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі құжаттарды Түрікмен-Өзбекстан бірлескен комиссиясының алдағы отырысында өзбекстандық әріптесімен талқылауды тапсырды. 

Г.Бердімұхамедов соңғы рет Өзбекстанға 2019 жылдың қарашасында келген. Сондай-ақ 2021 жылдың тамызында екі ел басшылары Каспий теңізі жағалауындағы «Аваза» ұлттық туристік аймағында Орталық Азия елдері президенттерінің үшінші консультативтік кездесуі аясында жүздескен.

Бөлісу:
Түркіменстан Президенті Өзбекстанға ресми сапармен барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар