Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Қаулыға сәйкес, облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты.
ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметті кезексіз алады.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.