Білім
4 мин оқу 2,042

Жас мамандарды қолдау жалғасуда

<p style="text-align: justify;">Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына жолдама алған әрбір түлек төрт жыл аяқталған соң оқыған мамандығы бо&shy;йынша оңтайлы жұмыс таба аламын ба деп ойланатыны анық. Тарам-тарам жолдардан таңдаған мамандығыңа қарай қызығып істейтін қызмет табыла қалса жақсы ғой. Әйтпесе жоғары білімі бар жастардың да жұмыс таппай жүргендері қаншама. Қаладан тәжірибе жинақтап, ауылға барған азаматтар да бар.</p>

Жас мамандарды қолдау жалғасуда

Оларды күштеп апару заңға да, за­манға да қарсы шыққан­дық шығар. Бұ­рынғыдай қиялы­ңа қарамай қинап апаратын үкі­мет жоқ. Талдау да, таңдау да өз еркіңде. Жаны қалған, жұмыс табылып, жұбайы қарсы бол­мағасын Жансая Сәрсенбаева да осы бағ­дар­лама арқылы Пав­лодар облысына қарай бет алған.

«Екі жыл Астана қаласын­дағы Еуразия Ұлттық универ­ситетінің Қазақ тілі мен әде­биеті мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, қолыма дипломымды алып, «Диплом­мен – ауылға» бағдарламасы бойынша Павлодар облысы, Павлодар ауданының Луганск ауылындағы Луганск жалпы орта білім беру мектебіне келдім. Мектеп директоры бір­ден құшақ жая қарсы алды. Ди­ректордың оқу-тәрбие ісі жө­­ніндегі орынбасары лауазымына та­ғайындады, сондай-ақ өз мамандығым бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні­нен 8-сынып оқушыларына сабақ беріп келемін. «Дипломмен – ауылға» бағ­дар­ламасы жастарды ынталандыру мақса­тында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен бас­пана алуға жеңілдетілген несие ұсынады», дейді Ж.Сәрсенбаева.

Сонымен қатар ол мемле­кеттік қолдау қаржылай ғана емес, рухани тұрғыдан демеу берушілердің де барын тілге тиек етті.

«Менімен бірге осы жылы мек­те­бі­мізге төрт жас маман жұ­мысқа орналасты. Бәріміз де мем­лекет тарапынан беріліп жат­қан көтерме ақыны бір ай ішін­де алдық. Ай сайын аудан әкімі жас мамандарды жинап, жағ­дайларын біліп отырады. Ауылда жас мамандар­ға ар­­нал­ған жатақхана бар. Жатақханада бар­лық жағдай жа­­­сал­ған. Мектептің кәсіп­одақ бө­лі­мінің төрайымы Салтанат Ораз­­байқызы мен бастауыш сы­нып әдіс­темелік бірлестігінің же­текшісі Айнұр Темір­жан­қызы әрдайым біз сияқты жас маман­дарға қолдау көрсетіп, білмеген тұстарымызды айтып, көрсетіп отырады. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қа­ладан емес, ауыл­дан іздеу керек. Өйткені елді дағдарыс кезінде асырайтын – ауыл. Ал ауылда жұ­мыс бо­лу үшін, ол қаланы асы­рай алу үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын ша­руа қожалықтарын қайта қа­уым­дастырып, біріктіру қа­жет», де­ген еді. Расында да, өзде­рі­не қажетті білімді игерген бү­­гінгі жастар оны ауылдың көр­­кеюі үшін қол­данса, еліміз­дің бо­лашағы жарқын, ал жас­тары­мыздың еңбегі еш кетпес еді деген үміттеміз», дейді біздің кейіпкер.

Жобаға жауапты Ұлттық эко­но­мика министрлігі өкілдеріне хабарлас­қаны­мызда, 2021 жы­лы 4,5 мың маманға тұр­ғын үй са­тып алуға бюджеттік кре­дит бе­руге 20 млрд теңге жоспар­ланғанын жеткізді.

Ведомство берген мәліметке сүйенсек, «Дипломмен – ауыл­ға» жобасының аясында 100 АЕК (291 700 теңге) біржолғы көтерме жәрдемақы және тұр­ғын үй сатып алу үшін 1 500 АЕК-тен (4 375 500 теңге) аспайтын сомада бюджеттік кредит тү­рінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделеді. 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2,6 мың маманға 11,3 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит берілді. 2020 жылдың шілдесінде әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін жобаға қа­тысушылар тізіміне ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері ап­параттарының мемлекеттік қыз­метшілері қосылды. Әлеу­мет­тік қолдау шаралары кө­бі­несе ауылдық округтер әкім­дері ап­па­раттарының бас және жетек­ші мамандарына бағдарланған.

Елбасының 2007 жылғы 5 наурыздағы тапсырмасына сәйкес Жобаны іске асыру ауыл­дық елді мекендерге жұ­мыс істеу және тұру үшін кел­ген әлеуметтік сала маманда­рын қолдауға бағытталған. Әлеу­­меттік саладағы білікті ма­­ман­дардың тапшылығы және ауыл­­дық жерлерде көрсетілетін білім беру, медициналық және өзге де әлеуметтік қызметтер са­па­сының қанағаттанғысыз болуы аталған тапсырмаға негіз болды. 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюд­жетті қалыптастыру шеңберінде тұрғын үйге бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға жыл сайын 20 млрд теңге жоспарланған. Бұл ретте өңірлердің қажеттілігі шамамен 27 млрд теңгені құ­райды. Өткен жылдан бастап жо­баға ауылдық (кенттік) округ әкім­діктерінің аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер енгізілді, бұл тиі­сінше мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайтады.

Аудандық маңызы бар кей­бір қалалардың халық саны, эко­номика құрылымы бойынша ауылдық елді мекендерден ерекшеленбейтінін ескере оты­рып, олардың мәртебесін өз­герту қажеттілігі туындайды. Рес­пуб­лика көлемінде халық саны бо­йынша өз мәртебесіне сәйкес келмейтін 13 қала бар (Ақмола – 3, Ақтөбе – 2, Шығыс Қазақстан – 2, Қарағанды – 1, Қызылорда – 1, Маңғыстау – 1, Солтүстік Қа­зақстан – 3). Со­нымен қа­тар Президент Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыр­күйектегі Жол­да­уындағы тап­сырмаларды іс­ке асыру бағы­тында Үкімет ауыл­дық аумақтар мен шағын қала­лар бойынша ұлттық жобаны пысықтауда. Ұлттық жобада әлеу­­меттік және инженерлік ин­фра­құрылымды кешенді жаң­ғыр­ту, шағын кредит беруді қо­са алғанда, кәсіпкерлікті мем­ле­кеттік қолдау, қала құ­рау­шы кәсіпорындарды қолдау, ша­ғын қалалардағы тұрғын үй құ­рылысы, нәтижелі жұмыспен қам­туды қолдау және шағын қалаларға қоныс аударуға жәр­демдесу және басқа да іс-ша­ралар көзделеді. Көрсетілген ша­ралар экономиканың жаңа сек­торларын дамытуға, шағын қала­лардан халықтың көші-қон ағынын азайтуға, шағын қалалар халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ аталған кешенді шаралар осы елді ме­кен­дердің кадрлық әлеуетін кү­шей­туге де мүмкіндік береді. Жо­ғарыда баяндалғанның негі­зін­де аудандық маңызы бар қа­ла­­ларға жұмыс істеу және тұру үшін келетін мамандарға әлеу­меттік қолдау шараларын ұсы­ну мәселесі Ұлттық жобаны пы­сық­тау барысында қаралады.

Білімді түлек білікті маманға айналары хақ. Осы ретте оқуын аяқтап қалада қалып қоймай, ауыл­дың ахуалын арттыруға ат­салысамын деп аттанған әр­бір жас­тың қолтығынан демеп, қол­дау көрсету жергілікті бас­шы­лардың назарында бо­луға тиіс. Сонда ғана маман тап­­шы­лы­ғы сияқты маңызды мәселе шешілері сөзсіз.

Бөлісу:
Жас мамандарды қолдау жалғасуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар