Ақтөбеде карантин талаптары өзгерді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Ақтөбе облысының аумағына шетелдік студенттерге:
- Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың үлгілері бойынша Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасының уәкілетті органы берген вакцинация паспортымен/сертификатымен/анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;
- Ақтөбе облысының санитариялық-карантиндік пункттері арқылы өткізу пункттерін кесіп өту сәтінде алған кезден бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайда келуге рұқсат етсін», деп жазылған жаңа Қаулыда.
Құжаттың толық нұсқасын облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында оқуға болады.