Елорда
1 мин оқу 1,470

Елордада Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші ашылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Елордада Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Былтыр тамыз айында қазақтың даңқты ұлы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өткен болатын. Дарабоз тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Әмірәліұлына орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Ескерткіш Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайының алдына орнатылған.

2

Мәскеу төрінде атой салған Жақсылық Үшкемпіров қазақ балуандарына, жалпы спортшыларына үнемі ағалық қамқорлығын көрсететін.

Кәсіпкер ретінде мал шаруашылығын дамытып, бір ауылға шарапатын тигізіп, талай жасты жұмыспен қамтыды. Әзірше осы даңқты азаматтан кейін ешбір қазақ балуаны Олимпиада алтынын ала алмай келеді.

Бөлісу:
Елордада Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар