Аймақтар
1 мин оқу 173

Өскеменде мас жүргізуші жол апатына түсті

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында ішімдікке масайған ер адам бөтеннің &laquo;ГАЗель&raquo; көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек күні Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысында орын алған.

«Алкогольді ішімдік ішкен 44 жастағы қала тұрғыны бөтеннің көлігін айдап кетіп, полиция қызметкерлерінің тоқтатқанына қарамай, қаша жөнелді. Соның салдарынан ол Mercedes Benz пен Iveco көліктерімен соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Бөлісу:
Өскеменде мас жүргізуші жол апатына түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар