Шымкентте компьютерлік томография кабинеті ашылды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жаңадан ашылған компьютерлік томография кабинеті Корея елінен арнайы әкелінген қондырғылармен жабдықталған.

Томография кабинетін аралап көрген қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті.

Жоғары сапалы томографияны қолдану - қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда «алтын стандарт» болып табылады. КТ көрсеткен диагностикалық тапсырмаларды сапалы әрі саны бойынша да шешуге мүмкіндік береді.
