Білім
2 мин оқу 1,130

Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсті?

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау, төлеу және мөлшерін белгілеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері белгіленеді:

- білім берудің педагогикалық бағыттары мен «денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер - 31 423 теңге;

- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқытудың педагогикалық бағыттары бойынша білім алатын студенттерге - 50 400 теңге;

- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында «денсаулық сақтау» даярлау бағытында оқитын студенттерге - 50 400 теңге;

- тағылымдамадан өтушілер - 59 289 теңге;

- магистранттар - 76 950 теңге;

- «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар - 143 750 теңге;

- докторанттар - 172 500 теңге;

- «денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттарға - 172 500 теңге;

- «денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқыту бағытында резидент дәрігерлер мен магистранттар - 88 494 теңге;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары, мемлекеттік органдардан оқытуға бағытталған - соңғы жұмыс орнындағы лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес.

- еңбек біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 21 787 теңге.

- Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге арналған мемлекеттік стипендия (орта буын мамандарын дайындауды қарастыратын), ортадан кейінгі білім - 20 948 теңге.

Бұл ретте экологиялық апат аймағында тұратын студенттерге стипендия экологиялық қолайсыз жағдайда өмір сүру коэффициентін пайдалана отырып төленеді.

Бөлісу: