Медицина
1 мин оқу 710

Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді

<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2021 жылғы 27 тамыздағы <a href="https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36634085" target="_blank" rel="noopener noreferrer">бұйрығымен</a> дәрілік заттың саудалық атауына арналған өндірушінің шекті бағасы, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекітті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мәселен, көтерме сауда үшін анальгин құны өндірушіге байланысты қаптама үшін 55,26 теңгеден 550,44 теңгеге дейін, бөлшек сауда үшін - 85,65 - 798,14 теңге болып бекітілді.

Ангисепт бағасы көтерме сауда үшін 62,92 - 85,91 теңгені және бөлшек саудада 97,53 - 113,16 теңгені құрайды. Антигриппин қазақстандықтарға өндірушіге байланысты - 388,23 - 784,74 теңге тұрады. Баралгин бағасы белгіленген 1 885,60 - 2 084,30 теңге. Валидол - 170,87 теңге.

Диклофенактың құны 520 теңгеден (таблеткалар) 2 779 теңгеге дейін (көз тамшылары) анықталды. Ибупрофен өндірушіге байланысты 187 теңгеден 2 329 теңгеге дейін болады.

Кардиомагнил бағасы мына шекте бекітілген - 483,55 - 2 397 теңге (өндіруші мен дозасына байланысты), Парацетамол 30-дан 420,48 теңгеге дейін (суспензия).

Тізімде барлығы 7023 препарат бар.

Бұйрық 2021 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар