Аймақтар
1 мин оқу 460

Аягөз ауданының бірнеше тұрғыны сібір жарасын жұқтырды

<p style="text-align: justify;">Қауіпті инфекция Аягөз ауданының Майлин ауылында шілде айында тіркелген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аягөз ауданының бірнеше тұрғыны сібір жарасын жұқтырды

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталмыш ауылда бірден карантин енгізілген. Ауылдың сыртында шлагбаум мен дезинфекциялық барьерлер орнатылған. Сондай-ақ ауылдан мал шығару, мал әкелу, сою мен сатуға тыйым салынған.

Ошақтар бойынша 61 байланыста болған адам анықталды.

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандар толық жазылып, стационардан шығарылған. 2 қыркүйекте ауылдық округ әкімінің шешімімен карантин алынды.

Инфекция жұқтырған малдардың ошағында дезинфекция жүргізілді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары үй-үйді аралап, тексеріп шыққан.

Бөлісу:
Аягөз ауданының бірнеше тұрғыны сібір жарасын жұқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар