Әлем
1 мин оқу 111

Ресей министрі қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Тө&shy;тен&shy;ше жағдайлар министрі Евгений Зиничев қаза тапты. Бастапқыда оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты әріп&shy;тестері хабарлаған. Кейіннен Ресей Тө&shy;тенше жағдайлар министрлігі Зини&shy;чев&shy;тің өлімін ресми түрде растады.</p>

Ресей министрі қаза тапты

«Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Евгений Зиничев Норильск қа­­­ласында Арк­ти­калық зонаны тө­тенше жағдайлардан қорғау жө­­нін­дегі ве­­­­домство­ара­лық оқу-жат­ты­ғу ке­зін­де адам өмірін сақтап қа­лу­ға ұм­тыл­ғанда қай­ғы­лы түр­де қаза тапқанын х­а­бар­лаймыз», деді минис­тр­л­іктің бас­па­сөз қызметі.

РБК агенттігінің хабарлауынша, оқу-жаттығуды ви­деоға түсіріп тұрған оператор жартастан тайып жы­ғылған. Оны құтқаруға ұмтылған Зиничев те тасқа құлап, мерт болған. Сондай-ақ оператор да өмі­­рі­мен қоштасты.

RT бас редакторы Маргарита Си­мо­нян өзінің Telegram-каналында түсі­­рілім тобындағы опера­тор­дың да, Зи­­ничевтің де қайтыс болғанын хабар­лады. Енді Төтенше жағдайлар минис­трі­нің міндетін бірінші орынбасар Алек­сандр Чуприян атқарады.

Зиничев 55 жаста еді. Ол 2018 жыл­дың мамырынан бастап Төтенше жағ­дайлар министрі болған, сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. 1987 жыл­дан бастап Зиничев КГБ-да қызмет еткен. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Федералды қауіпсіздік қызметінде еңбек етті. 2006 жылдан 2015 жылға дейін ол Президент В.Путиннің жеке адъютанты міндетін атқарды.

Бөлісу:
Ресей министрі қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар