Әлем
1 мин оқу 130

Гвинеяда көтеріліс болды

<p style="text-align: justify;">Гвинеяда әскердің арнайы жа&shy;сағы мем&shy;ле&shy;кеттік төңкеріс жа&shy;&shy;сап, 83 жастағы президент Альфа Кон&shy;дені қа&shy;мауға ал&shy;ды. Бұл оқиғаны халық&shy;ара&shy;&shy;лық қоғамдастық айыптады.</p>

Гвинеяда көтеріліс болды

Төңкеріс жетекшісі және елдің арнайы күш­те­рі­нің бастығы, полковник Мамади Думбуя жек­сен­біде штаттық трансляцияларда елдің конституциясы тоқтатылғанын, үкімет таратылғанын және шекаралар жабылғанын, елде коменданттық сағат ен­гізіл­генін хабарлады.

Думбуяның айтуынша, барлық сая­си тұтқын бо­са­тылған. Сондай-ақ би­лік 18 ай ішінде уа­қыт­ша үкіметке бе­рі­леді. Осылайша, 11 жыл бойы ел бас­­қарған 83 жастағы президент би­лік­­тен кетті.

«Егер элита халықтың пікірін ескеріп, жағдайын жа­самаса, онда халыққа бостандық әперу әскердің қолында», деді Думбуя.

Толқулар басталғаннан кейін президент қайта көрінген жоқ. Бірақ әлеумет­тік желілерде таралған суреттер мен кадр­ларда жалаңаяқ, джинсы шалбар мен жартылай ашық көйлек киген оның диванға сүйеніп тұрғаны, әскерлердің қоршап алғаны көрінеді.

Думбуя президенттің және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ ол министрлер мен мекеме басшыларын кездесуге шақырып, келмегендерге жаза қолданылатынын ескертті.

Бөлісу: