Аймақтар
1 мин оқу 492

Жұмағұловтар жұмылғанда

<p style="text-align: justify;">Бұқар жырау ауданындағы Қара&shy;құдық ауылының тұрғындары өз араларында қаражат жиып, елді мекенге кіре беріске Qaraqudyq &ndash; qutty mekenim деген жазуы бар сәулет нысанын орнатты.</p>

Жұмағұловтар жұмылғанда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл шаруаға  жуырда ғана өткен ауыл әкімдері сайлауында халықтың басым дауысымен Қарақұдықтың әкімі болып сайлан­ған Бауыржан Жұмағұлов есімді аза­мат ұйытқы болған екен. 

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Сержан Аймақов жазуды орнату туралы бастаманы жұмыла көтерген Жұмағұловтар отбасына және ауылдың барша тұрғындарына алғыс сезімін жеткізді.

– Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында біздің алды­мызға ауылды қолдау, оны дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды. Мұның бәрі бірлескен күш-жігермен іске асуы керек. Ауылды абаттандыру мұнымен бітпейді. Біздің жос­парымызда сауықтыру және спорт орталықтарын салу бар, – деп атап өтті ол.

Ал ауыл әкімінің ағасы, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кең­сесінің басшысы Айтбай Жұмағұ­лов туған ауылына қол ұшын созу әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы екенін айтып, ауылдық жерлерді мекен ететін тұрғындарды мүмкіндігінше игі істер жасауға шақырды.

Қазір Қарақұдық ауылында  700-ге жуық адам тұрады.

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы

Бөлісу:
Жұмағұловтар жұмылғанда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар