Аймақтар
1 мин оқу 470
ШҚО-да жанар-жағармай таситын көлік аударылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстанда жанар-жағармай таситын көлік жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға «Өскемен-Риддер» тас жолында сағат 18:00 шамасында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алдын ала болжам бойынша 17 тонна көлемінде жанар-жағамай төгілген.
«Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, өртті болдырмау үшін жанармай төгілген жерді көбікпен оқшаулады. Оқиға орнында 3 автоцистерна және жеке құрамнан 12 адам жұмыс істеуде», деп түсіндірді ШҚО ТЖД.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен. Жедел-жәрдем дәрігерлерімен олар ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу: