Қоғам
1 мин оқу 951

Шылым шегетін әйелдерге қатысты статистика не дейді?

<p style="text-align: justify;">Шылым шегу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі 127 елдің ішінде 41-орында тұр екен. Елде әрбір 10 әйелдің бірі және әрбір 10 ер адамның төртеуі шылым шегеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда шылым шегетін ер адамдардың қатары көп екен. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 31-орында тұр. Ал, шылымқор әйелдердің көрсеткіші бойынша 61-орында. Бұл дегеніміз Қазақстандағы әйелдердің 9,3%-ы шылым шегеді дегенді білдіреді.

2021 жылы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 8,7 млрд сигар, сигарет, папирос және темекі алмастырғыш өзге де бұйымдар шығарылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,3% аз. Ақшалай мәнде елімізде темекі өнімдерінің өндірісі 125,3 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ 2021 жылдың тамызында елдегі темекі бағасының жылдық динамикасы 15,9%-ға өсті.

Айта кетейік, ДДСҰ мәліметі бойынша, жылына шылым шегу салдарынан әлемде 8 миллионнан астам адам көз жұмады екен. Бұл тізімде өзі шылым шекпесе де, жанындағы адамның темекісі түтіненен уланғандар да бар.

Бөлісу: