Әлем
1 мин оқу 162

Зеленский тағы да АҚШ-қа баруды жоспарлап отыр

<p class="mt-5" style="text-align: justify;">Украина&nbsp;Президенті Владимир Зеленский қыркүйек айының соңында БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке баруды жоспарлап отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Ukrinform-ға берген түсініктемесінде хабарлады.

«Біз Президенттің Нью-Йоркке сапарын шынымен жоспарлап жатырмыз, оның нақты бағдарламасы туралы кейінірек хабарлаймыз»,  деді С. Никифоров.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясының жалпы дебаты 21-27 қыркүйекте өтеді. 

Зеленский 2019 жылы Нью-Йоркке барып, 74 -сессияның жалпы дебатында БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде сөйлеген еді.

Еске салайық, Зеленский өткен аптада ғана АҚШ-та болды және Джо Байденмен келіссөздер жүргізді.

Бөлісу:
Зеленский тағы да АҚШ-қа баруды жоспарлап отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар