«Таразэнергоорталыққа» 4,6 млн теңге айыппұл салынды
<p style="text-align: justify;">Белгілі болғандай, «Таразэнергоорталық» АҚ Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау қызметтерін ұсыну бойынша енгізілген болатын, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жүргізген талдау нәтижесінде «Таразэнергоорталық» АҚ тарапынан бекітілген тарифтік сметаның орындалмағаны анықталды.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңының 26-бабының 2-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.
«Жоғарыдағының негізінде, департамент «Таразэнергоорталық» АҚ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, 1600 АЕК мөлшерінде, яғни 4 667 200 теңге әкімшілік айыппұл салды», делінген хабарламада.