Білім басқармасының қызметкері тергеушіге 6 млн теңге пара бермек болған
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте 36 млн теңгені жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Ведомствоның Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне, сондай-ақ, Шымкент қаласының серіктес-тұрғынына қатысты 36 млн астам теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорт іс-шараларына дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған еді.
Жымқыру тиісті тізімдемеде спортшылардың қолдарын қолдан жасау арқылы жүзеге асырылды. Яғни, бюджеттен қаражат бөлінді, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілмеген», делінген хабарламада. Сондай-ақ, тергеу барысында айыпталушылар алдын ала сөз байласу арқылы оларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің оң шешімі үшін ЭТД жедел қызметкеріне 6 млн теңге сомасында пара бермек болған.
«Әдістемелік орталықтың қызметкерлеріне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында.
Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.