Оқиға
1 мин оқу 260

Құдықтан 20 адамның мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Мексиканың шығысындағы Веракрус штатында құдықтан 20 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Омеалка муниципалитетінде болған. 

Тұрғындар билікке көпқабатты үйге жақын орналасқан құдықты тексеруді талап еткен. Полицейлер тексеру барысында осындай сұмдыққа тап болған.

Мәйіттер прокурорлардың бақылауымен 30 метр тереңдіктен шығарылды. Адамдар өлімінің себебі анықталуда.

Бөлісу:
Құдықтан 20 адамның мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар