Оқиға
1 мин оқу 482

Атырау облысында екі бала суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында 3 жасар қыз бен 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында екі бала суға батып кетті

Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 қыркүйекте Құрманғазы ауданында болған. Күндізгі сағат 13:28-де Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөліміне Шарон өзеніне 3 жасар қыз бен 6 жасар бала батып кеткені туралы хабар түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде балалардың үлкендердің қарауынсыз су айдынына келгенін анықтады.

«Жергілікті тұрғындар сағат 13:40-та 3 жасар қыздың денесін судан шығарды. Ал, сағат 16:07-де суға батып кеткен баланы іздестіруге жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен бірге 25 полицей мен жергілікті 70 тұрғын жұмылдырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 19:23-те 6 жасар баланың денесі табылды.

Бөлісу:
Атырау облысында екі бала суға батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар