Қазақстан
1 мин оқу 322
Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін Ауған елінде тұратын бір топ қазақ Қазақстанға сәтті эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасап.</p>
«Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты», деп жазылған хабарламада.
Бөлісу: