Жаңалықтар
1 мин оқу 250

Нигериядағы католиктер шіркеуіне шабуыл жасалды

28 01 - Nigeriya

Нигерия мемлекетінің солтүстік-шығысындағы католиктер шіркеуіне жасалған шабуылдан 50-ге жуық адам қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті құқық қорғау органдарының ресми өкілі мәлімдегендей, қаруланған содырлар Вага Чакава аулындағы католиктер шіркеуіне басып кірген.

Полиция дерегі бойынша, лаңкестер алдымен бірнеше жарылғыш құралын іске қосып, артынан діни қауымның мүшелеріне оқ жаудыра бастаған. Әзірге елдегі ешбір террористік ұйым аталмыш оқиғаға байланысты жауапкершілікті өз мойындарына алған жоқ.

Өткен аптада «Боко харам» ұйымының экстремистері Нигерияның солтүстігіндегі Алау Нгаво аулының 18 тұрғынын қырып салған болатын.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Ap.org  

Бөлісу:
Нигериядағы католиктер шіркеуіне шабуыл жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар