Президент
2 мин оқу 170

Бастамалар баянды болсын

<p style="text-align: justify;">Президенттің &laquo;Халық бірлігі және жүйелі реформалар &ndash; ел өр&shy;&shy;кен&shy;&shy;деуінің берік негізі&raquo; атты Жолдауында бірнеше маңызды мәсе&shy;&shy;&shy;ле көтерілді. Бірнеше бастама айтылды. Әсіресе, бюджет&shy;тен қар&shy;&shy;жы&shy;ландырылатын, бірақ бұған дейін қолдау жағы кем&shy;шін түс&shy;кен сала мамандарына көңіл бөлінетініне назар аударылды.</p>

Бастамалар баянды болсын

«Бұлар – мәдениет қызмет­керлері, мұрағатшылар, кітап­ха­на­шылар, техникалық қызмет­керлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалар. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы са­нат­­тағы азаматтық қызмет­кер­лердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл баста­маның игілігін көреді», деді Мемлекет басшысы.

Шындығында, Президент ұсын­ған бастамалар баянды болуы үшін мәдениет саласына деген көзқарасты түбегейлі өз­гер­тетін кез жетті. Өйткені елдің өр­кендеуінің бір көрінісі руха­ния­тының, оның ішінде мә­де­ниет са­ласының дамуынан байқа­ла­ды. Рас, елімізде мә­дениет үй­лері бой көтеріп жатыр. Өнер ұжым­­дарының концерт­тері, сах­на­лық қойылым­дары өтіп жа­тыр. Мамандар да даяр­лана­ды. Де­ген­­мен мате­риал­дық-техни­ка­лық базасын жаңарту, кадрмен қам­туда еске­ретін бірнеше жайт бар.

Біріншіден, қазір ауыл-село­лардағы мәдениет ошағы жер­гі­лік­ті әкімдік арқылы қар­жы­лан­ды­­рылады. Алайда жер­гілік­ті бюд­жеттің шамасы бұл саланы жан-жақты дамытуға жете бермейді.

Екіншіден, осы салаға маман даярлайтын колледждер мен жоғары оқу орны салалық ми­нистр­лікке бағынышты емес. Ал бұл арнаулы орта, не жоға­ры білім алған мамандардың жұ­мыс­қа орналасуына ешкім мүд­де­лік танытпауына әкеліп соға­ды. Қазір осы салада білім алған ма­мандар жұмыс таба алмай жүр. Неге? Өйткені салада мәде­ниетке қатысы жоқ мамандар жұмыс істейді.

Үшіншіден, мәдениет саласында, әсіресе, архив пен музей­де, кітапхана мен тарихи қо­рық­тарда жұмыс істейтін­дердің ең­бегі лайықты ескеріліп жүр дей ал­маймыз. Сол себептен, осы са­ланың мамандары мем­­лекет­тік марапаттарға ұсы­ны­лып, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ­стан­ның Еңбек Ері атанып жатса, әрине, құба-құп болар еді.

Президент Жолдауынан ке­йін елі­міздің мәдениет саласын да­мытудың кешенді жос­па­ры, кон­цепциясы түзілгені жөн. Онда жоғарыда айтылған жайт­­тар ескеріліп, салалық ми­нистр­­­лікке берілгені дұрыс. Өйт­кені елі­мізді жаһандану апанынан құт­қаратын, қазақты ұлт ретін­де сақтайтын діңгектің бірі – ұлт­тық мәдениет. Сондықтан жаһан­дық өркендеудің озық техно­­ло­гиясын экономиканың бар­­лық саласына енгізумен бірге, өрке­ниет көшіндегі жетек­ші елдер сапынан орын алу үшін тәуел­сіз Қазақстанның мәде­ниеті де бүгінгі дәуір талабымен дамы­ғанын қалаймыз. 

Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Атырау облысы

Бөлісу: