Спорт
1 мин оқу 170

Құрманғалиевтің қоласы

<p style="text-align: justify;">Словенияда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде қарағандылық Алан Құрманғалиев сәтті өнер көрсетті. Жас талант Еуропа, Азия және Американың 20 елінен келген теннисшілер арасында қола жүлдеге қол жеткізді.</p>

Құрманғалиевтің қоласы

Он бес жастағы біздің тен­нисші алты кездесу өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жеткен екен.

Алан Құрманғалиев – 14 жасын­да Қазақстанның чемпионы болып, бұ­ған дейін 15 жасында ең жас жеңімпаз атанған Кирилл Герасименконың ре­кордын жаңартқан талантты тен­нисші.

Еске салар болсақ, Халық­аралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Hopes Week аясындағы құрлықаралық және әлемдік турнирлердің қоры­тын­дысы бойынша Алан Құрман­ғалиевті 2019 жылдың ең үздік жас­өс­пірім теннисшісі деп та­ны­ған болатын.

 «Ең басты арманым, – дейді ел үстел теннисінің үміті Алан Құрманғалиев, – Олимпия ойын­да­рында жүлдегері атану. Мен осыған бар күшімді саламын».

Дарынды жас үстел тен­ни­сі­мен же­ті жасынан бері айна­лыса­ды. Қазіргі уақыт­та ол Қа­зақ­стан­ның еңбек сіңір­ген жат­­тық­тырушысы Эльмира Әлиева­ның қара­мағын­да жаттығады.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Құрманғалиевтің қоласы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар