Коронавирус
1 мин оқу 315
Коронавирус пен пневмониядан 97 адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 97 адам қайтыс болды және 373 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
8 қыркүйекте ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 78 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 19 адам пневмониядан қайтыс болған.
Сондай-ақ, 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша 82 162 адам коронавирус инфекциясынан (74 116 КВИ+ және 8 046 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 17 245 пациент стационарда,
- 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 310 адамның жағдайы ауыр,
- 373 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 208 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Бөлісу: