Қазақстан
1 мин оқу 275

Астраханда Қазақстанның бас консулдығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Астархань қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жалпы көрші елдің бұл облысында Қазақстан консулдығы көп жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Еліміздің Астраханьдағы консулдығы ТМД елдерінде ашылған алғашқылардың бірі. Ол өз жұмысын 2003-ші жылы бастаған. 

Елшіліктің  әрекет ету аумағына Ресейдің Астархань облысынан бөлек тағы 4 аймақ кіреді. Консулдық округінің тағы бір ерекшелігі - бұл Ресейдегі этникалық қазақтардың ең көп шоғырланған аумағы саналады.

«Біздің консулдыққа бас консулдық деген атағын беру бұл өте маңызды мәселе. Өздеріңіз білесіздер бұл жердегі консулдық 2003-ші жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірақ биыл ғана сондай шешім қабылданды. Әрине бұл Қазақстан үшін, жергілікті халық үшін өте керемет дұрыс іс-шара деп есептеймін», дейді Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев.

Бөлісу: