Атырауда 90-ға жуық оқушы КВИ жұқтырды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырауда 89 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, 1-5 қыркүйек аралығында мектеп жасындағы 1 оқушының коронавирус инфекциясына шалдыққаны расталған. «Жазғы каникул кезінде мектеп жасындағы 88 бала қауіпті вирусқа шалдыққан. Олардың бәрі үйінде ата-анасымен байланыста болған.
Ал, 1 қыркүйектен кейін карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен жақын қарым-қатынаста болған бір оқушының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бірақ, бұл оқушы мектепке бармағаны, сыныптастарымен байланыс жасамағаны белгілі болды», дейді Гүлназ Ербатырова.