Аймақтар
1 мин оқу 172

Ақмола облысында тұрғын үй өртінен 2 адам көз жұмды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бурабай ауданының Қарашілік ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ведомствоның мәліметінше, өрт қыркүйектің 9-да кешкі сағат 21:40 шамасында болған. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы, Бурабай ауданының ТЖБ жеке құрамынан 8 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған үйден 1969 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйелдің денесі табылды», деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, өрт болған жерде өрт зертханасы жұмыс істеуде. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келген және жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.

Осы ретте, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарына электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану және төсекте темекі шегуге болмайтынын еске салады.

Бөлісу:
Ақмола облысында тұрғын үй өртінен 2 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар