Қоғам
1 мин оқу 430

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК&nbsp;бірқатар облыстарда дауылды ескерту жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

11-13 қыркүйек күндері Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай және бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

11 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қарағанды қаласында да ертең найзағай түсу ықтималдығы жоғары. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін күшті жел соғады.

Сондай-ақ ертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. 

Петропавл, Орал қаласы мен Батыс Қазақстанда екпінді жел соғады. 

Бөлісу: