Қоғам
1 мин оқу 670

Президенттік жастар кадр резерві: 10 күнде 612 жас өтінім берді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жүргізілуде. Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президенттік жастар кадр резерві: 10 күнде 612 жас өтінім берді

Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

1 қыркүйектен бастап 612 қазақстандық қатысуға өтінім берді.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Pkrezerv.gov.kz https://pkrezerv.gov.kz/ сайттында тіркеліп, өтінім бере аласыз, ол үшін қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Профильді Жеке кабинетте толтыру және электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою.

Қажетті құжаттарды жүктеу:

Жеке куәлік көшірмесі;

Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Мемлекеттік тілді меңгергені туралы Сертификат.

2021 жылғы 2 қазан мен 25 желтоқсан аралығындағы уақытта іріктеу кезеңдері өтеді.

Бөлісу: