Ауа райы
1 мин оқу 143

11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста, антициклон жотасының әсерімен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, түнде шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: