Коронавирус
1 мин оқу 285

Қызылордада мұғалімдердің 95 пайызы вакцина салдырған

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында жалпы білім беретін мектептердегі&nbsp;22180 мұғалімнің 95%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2020-2021 оқу жылында мұғалімдер арасында коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 108 жағдайы тіркелді. Оның 40%-ы – оффлайн форматта сабақ берген педагогтар.

«Ал жаңа оқу жылының басынан бүгінгі күнге дейін 22 мұғалім вирус жұқтырды. Дегенмен олардың 17-ісі мектеппен байланысты емес. Себебі, еңбек және бала күтіміне байланысты демалысы кезінде үй ошағындағы қарым-қатынастар арқылы жұқтырған. Олар білім беру ұйымына бармаған. Ал 5 жағдай жаңа оқу жылын оффлайн форматта бастаған оқытушылар арасында анықталды», деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Шуақбаева.

Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды. Еске салсақ, Қызылордада жаңа оқу жылында 102 оқушы коронавирус жұқтырды.

Бөлісу:
Қызылордада мұғалімдердің 95 пайызы вакцина салдырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар