Теннис: Анна Данилина Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Францияда өткен ITF W 25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, франциялықтар Одри Алби - Лиолея Жанжанмен кездесті.
Бірінші партияда тай-брейкте корт иелері үстемдік танытты - 7:6 (9:7).
Екінші сетте екі брейк жасаған қазақстандық-украиналық жұп басымдылық көрсетті - 6:2.
Супер тай-брейкте Данилина мен Страхова жеңісті жұлып алды - 10:4. Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында биылғы жетінші титулына қол жеткізді. А.Данилина жекелей сында да жарысты жалғастыруда.
Ол бүгін финалға шығу үшін франциялық Алиса Роббемен таласады.