Спорт
1 мин оқу 294

Бүгін футзалдан әлем чемпионаты басталады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Литвада футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы басталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады. Дүбірлі додада барлығы 24 құрама бақ сынайды.

Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.

Қазақстандықтар алғашқы ойынын бүгін, 12 қыркүйекте Коста-Рикаға қарсы өткізеді. Одан кейін 15 қыркүйекте Литвамен ойнаса, 18 қыркүйекте Венесуэламен шеберлік байқасады.

Өзге топтарда құрамалар төмендегіше бөлінген:

В тобы: Өзбекстан, Гватемала, Ресей, Египет;

С тобы: Таиланд, Португалия, Марокко, Соломон аралдары;

D тобы: Панама, Чехия, Вьетнам, Бразилия;

E тобы: Ангола, Жапония, Парагвай, Испания;

F тобы: Аргентина, АҚШ, Сербия, Иран;

Топтық кезең ойындары 12-20 қыркүйек аралығында болады. Ал 1/8 финал 22-24 қыркүйекте өткізілсе, ширек финал 26-27, жартылай финал 29-30 қыркүйекте ойналады.

Финал мен 3-орын үшін сайыс 3 қазанға белгіленген. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Бөлісу:
Бүгін футзалдан әлем чемпионаты басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар