Әлем
1 мин оқу 375

Өзбекстанда президент сайлауы өтеді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Өзбекстанда сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Қазанның 24-і күні президенттерін таңдайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бұл көрші ел тарихында осымен 7-саяси маңызды науқан болғалы отыр. Оған Өзбекстанда ресми тіркелген 5 партияның кандидаттары қатыспақ. Ең басты үміткер қазіргі президент Шавкат Мирзиеёв.

Оны кандидат ретінде Либерал-демократиялық партиясы кезекті съезд барысында ұсынды.

Тағы президенттікке үміткер ретінде «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы Алишер Қадыровты, Экологиялық партия Нарзулла Обломурадовты, ал «Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясы Бахром Абдухалимовты таңдады.

Осы жолғы сайлауда алғаш рет әйел үміткер қатыспақ. Тәжірибелі дәрігер Максуда Варисова Өзбекстанның Ұлттық-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылып отыр. 

Бөлісу: