Әдебиет
1 мин оқу 1,010

Абайдың «Қарасөздері» экрандалып жатыр

<p class="-24" style="text-align: justify;"><span style="font-size: 23.0pt; line-height: 105%;">&nbsp;</span></p> <p class="2018-" style="text-align: justify;">Президент телерадиокешені &laquo;Абай&shy;&shy;дың қарасөздері&raquo; кино&shy;&shy;жо&shy;басының түсірілім жұмыста&shy;&shy;рын бастады. 15 бөлімнен тұра&shy;&shy;тын туын&shy;ды &laquo;Ұлттық киноны қол&shy;дау мемлекеттік орталығы&shy;ның&raquo; қол&shy;дауымен жүзеге асып отыр. Түсі&shy;рілім жұмыстары Алматы қа&shy;ласы мен Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жал&shy;ғасады.</p>

Абайдың «Қарасөздері» экрандалып жатыр

Телевизиялық жобаның әр сериясы толыққанды сюжетке құрылады. Сюжеттерде бас кейіпкердің рөлін Тұң­ғышбай Жаманқұлов, Нұрлан Әлім­жанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жол­жақсынов, Аружан Жазылбекова, Бе­рік Айтжанов, Аян Өтепберген, т.б. та­нымал қазақстандық актерлер сом­дайды. Жоба авторлары күрделі режис­серлік шешімдер арқылы ойшылдың қарасөздерін жаңа қырынан ашуға тырыспақ.

Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаеваның айтуы­на қарағанда, ұжым бұл жобаға үлкен жауап­кершілікпен кірісіп отыр. «Оның философиялық пайымдары мен дана­лығы уақыт өткен сайын өзекті бола түскен. Ақынның «Қарасөздері» қо­ғам­ның рухани-мәдени өміріне бағдар беріп тұр. «Ақыры ойладым: ойыма келген нәрселерді қағазға жаза бе­рейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қы­лайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тап­са, жазып алсын, я оқысын, кере­гі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақы­ры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Хакімнің сол айтқаны айнымай келіп, бүгін жұрт «қарасөзбен» жазылған рухани мұраны әлі азық етіп келеді», дейді Раушан Қажыбаева.

Бөлісу: