Саясат
1 мин оқу 150

10 күн ішінде 612 өтінім берілді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жүргізілуде. Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.</p>

10 күн ішінде 612 өтінім берілді

Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» кор­пу­сының әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

1 қыркүйектен бастап 612 қа­зақ­стандық қатысуға өтінім бе­рілді.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жал­ғасады.

Pkrezerv.gov.kz https://pkre­zerv.gov.kz/ сайттында тіркеліп, өтінім бере аласыз, ол үшін қол­да­ныстағы электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Профильді Жеке кабинетте толтыру және электронды-цифрлы қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою керек.

Қажетті құжаттарды жүктеу: жеке куәлік көшір­месі, жоғары білім туралы дипломдардың көшір­ме­лері, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшір­месі, мемлекеттік тілді меңгергені тура­лы Серти­фикат.

2021 жылғы 2 қазан мен 25 желтоқсан аралығындағы уақытта іріктеу кезеңдері өтеді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
10 күн ішінде 612 өтінім берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар