Бүгін ауа райы қандай болады?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Синоптиктер қыркүйектің 13-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Қазгидрометтің хабарлауынша, антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстік-батыс және орталық аймақтарда тұман түседі. Солтүстікте, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Түнде Ақмола облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.