Әлем
1 мин оқу 380
Солтүстік Корея жаңа қанатты зымыранды сынақтан өткізді
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Корея алыс қашықтыққа ұшатын, жаңа қанатты зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мәліметке қарағанда, сынақ осы елдің құрылғанына 73 жыл толу мерейтойынан кейін жүзеге асырылған және сынақты Сотүстік Корея президенті Ким Чен Ынның өзі бақылаған. Бірақ шараның қай жерде өткені белгісіз. Тек зымырандар 1 жарым шақырымдай жерге ұшып барып нысанаға дәл тигені айтылады.
Еске сала кетейік, БҰҰ қарарына сәйкес Солтүстік Кореяның ядролық қаруларды сынақтан өткізуге тыйым салынған. Алайда қанатты зымырандарды ұшыруға еш шектеу жоқ.
Бөлісу: