Қоғам
1 мин оқу 150

Қазақстанның Бельгиядағы жаңа консулы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Эно, Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларындағы консулдық округ және Қазақстанның құрметті консулының экзекватурасы мен патентін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның Бельгиядағы жаңа консулы тағайындалды

Құрамына 35 мыңнан астам кәсіпорын кіретін «BECI» сауда-өнеркәсіп палатасының Директорлар кеңесінің мүшесі, төрағасы Оливье Вилокс Қазақстанның жаңа Құрметті консулы болды.

Сонымен қатар, О.Вилокс – Брюссельдің Бизнес федерациясы мен Валлон кәсіпорындар одағы Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан ҚР-дың жаңа Құрметті консулымен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру жөніндегі нақты жоспарларды талқылады.

Бөлісу:
Қазақстанның Бельгиядағы жаңа консулы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар