Аймақтар
1 мин оқу 354
Балық браконьерлерінен 175 келі бекіре тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында балық қорына заңсыз қол сұғушылардан 17 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Рүстем Қорқытовтың мәліметінше, жыл басынан бері балық қорғау заңдылығын бұзушыларға 2 мыңнан астам хаттама толтырылған.
«Биылғы 9 айда су айдындарында құқық бұзғандарға қатысты 180 іске сот үкімі шықты. Жайық пен Қиғаш өзенінен заңсыз құрылған 4 мыңнан астам тор, 185 жүзу құралы табылды. Браконьерлерден бекіре тұқымдас 175 келі балық тәркіленді» дейді Рүстем Қорқытов.
Бөлісу: