Аймақтар
1 мин оқу 310

Таразда зауыттан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Тараз қаласында Мәмбет батыр көшесіндегі &laquo;Таразкөлікжолы&raquo; ЖШС зауытының аумағында битум өртенді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

«Оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 12 қыркүйекте таңғы сағат 10.45-те түсті. Оқиға орнына 7 адам мен 2 техника шықты. Бригада келген кезде битум шұңқырындағы битумның тұтануы 80 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 11:14-те сөндірілді»,  делінген хабарламада.

Бөлісу:
Таразда зауыттан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар