Спорт
1 мин оқу 240
Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордқа қол жеткізді
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингісінде рекорд көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бүгін жаңартылған рейтингіде А.Бублик 37-ден 34-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші.
Михаил Кукушкин 13 сатыға төмендеп, 142-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 193-тен 195-ке сырғыды. Есесіне Тимофей Скатов бірден 25 сатыға, 299-дан 274-ге көтерілді. Жұптық сында Андрей Голубев 38-орында қалса, А.Бублик 50-ден 48-ге жоғарылады. Украинада өткен челенджер турнирінде жеңімпаз атанған Александр Недовесов 80-нен 79-ға орналасты.
Бөлісу: