Солтүстік өңірлерде үсік жүреді
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Республиканың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және желкем ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонға байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.
Еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-15 градус, күндіз 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстікте түнде ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді. 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады.