Оқиға
1 мин оқу 164

Ақмола облысында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақмола полицейлері жаппай төбелеске қатысушыларды оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұзақылық фактісі 8 қыркүйекте сағат 02:51 шамасында «102» пультіне облыс орталығының ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқандығы туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары мен жедел-тергеу тобы дереу жіберілді.

Полицейлер анықтағандай, оқиғаға қатысушылар 19-23 жас аралығындағы жастар ойын-сауық мекемесінде болған. Мас күйінде қаскүнемдердің бірі басқа жастардың компаниясына жақындап, жанжал туғызды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталды. Бұзақылық іс-әрекетке күдік бойынша полицияға барлығы төрт адам жеткізілді, оның ішінде бұрын бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған бас күдікті – 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Ақмола облысында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар