АҚШ Конгресінде Семей полигоны туралы қарар ұсынылды
<p style="text-align: justify;">АҚШ Өкілдер палатасының мүшелері Д.Тайтус, С.Шабот және Э.Бера Конгресстің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің қарауына Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай №616 <a href="https://www.congress.gov/bill/117th-congress/house-resolution/616/text" target="_blank" rel="noopener noreferrer">қарарды</a> енгізіп тіркеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Құжатта Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайту жөніндегі дәйекті жұмысына, сондай-ақ осы жылы 30 жылдығы атап өтілетін АҚШ-пен түрлі салалардағы, соның ішінде қауіпсіздік, адам құқықтары және басқа да салалардағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға бейілділігі атап өтілді.
Конгрессмендердің бастамасы АҚШ заң шығарушы органы мүшелерінің Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға және жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесіне, оның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы күш-жігеріне және әлемге ядролық қатерді азайту ісіндегі бірлескен жетістіктеріне назар аударатынын көрсетті.