Аймақтар
1 мин оқу 350

Қызылордада қарасора өсіргендер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында үш ер адам 2,5 мыңға жуық қарасора өсіргені анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Арал ауданының Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым жерде ірі көлемде есірткі егілген аумақты анықтады.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 2479 қарасора бұталарын өсірген үш күдікті оқиға орнында ұсталған.

ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Қызылордада қарасора өсіргендер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар