Кино
1 мин оқу 245

Қазан кинофестивалінде үздік атанды

<p style="text-align: justify;">Режиссер Фархат Шәріповтің &laquo;18 килогерц&raquo; фильмі ХVII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. &laquo;Үздік толықметрлі ойын фильмі&raquo; атанған кинокартина операторлық жұмысы үшін де марапатталды.</p>

Қазан кинофестивалінде үздік атанды

Айта кетейік, «18 килогерц» фильмінің әлемдік тұсаукесе­рі Варшавадағы халықаралық кинофестивальда өтіп, бас жүл­деге ие болды. Кейін Кот­бус­та (Германия) өткен 30-шы ха­лықаралық кинофестивальда да үздік атанды.

«18 килогерц» – 90-жыл­дардың соңындағы жас­­өспі­рім­дердің өмірі баяндалатын көше тарихына құрылған. Фильмдегі басты рөлдерді де­бютант актерлер сомдады: Мұ­сахан Жұмахан, Әлібек Әді­кен, Камила Фун-Со. Кино­­кар­тина былтыр қазанда 36-шы Вар­шава халықаралық кино­фес­тивалінің бас жүлдесін қан­жы­ғалап, сенсация орнатты. Одан бөлек Пусан халықаралық кинофестивалінің «Азия киносына терезе» атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.

XVII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан Республикасының астанасында 5-10 қыркүйек күн­дері аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кине­мато­гра­фистері өтінім берген.

Бөлісу:
Қазан кинофестивалінде үздік атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар