Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды
<p style="text-align: justify;">Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> akorda.kz-ке сілтеме жасап.</p>

ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың 2021 жылғы 13 қыркүйек № 660 Қаулысымен Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
|
І дәрежелі «Айбын» орденімен |
||
|
Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) |
– |
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы |
|
Заикин Сергей Владимирович (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы |
|
Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) |
– |
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері; |
|
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен |
||
|
Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы |
|
Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы |
|
Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері |
|
Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.