Қазақстан
1 мин оқу 410

Заңсыз сауда айналымына қарсы кешенді жоспар бекітілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен мемлекет шекарасындағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жоспар 3 бағытты қамтиды:

  1. Заңнамалық процестер және халықаралық ынтымақтастық.
  2. IT-инфрақұрылымын құру.
  3. Бақылау рәсімін жетілдіру.

Атап айтқанда, келесілер жоспарланған:

  • Автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу;
  • Тауарлардың негізгі топтарының импортына мониторинг жүргізу, көлеңкелі айналым деңгейін төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • Әкелінген сәттен бастап сатуға дейін таңбалауға жататын тауарларды бақылауды күшейту;
  • ТБЖ-да төмен тәуекел деңгейіндегі СЭҚ-қа қатысты селективті іріктеу тетігін қолдану;
  • ҚХР-дан ҚР арқылы транзитпен өтетін тауарлар көлеміне ҚХР кедендік статистикасымен алшақтықтардың болуы тұрғысынан бірлескен талдау жүргізу;
  • ЕАЭО елдерінің фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтер алмасу;
  • ҚР мен Қырғызстанның фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтер алмасуды жалғастыру;
  • «АСТАНА-1» АЖ интеграциясымен автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін енгізу;
  • Инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттерін талдау кезінде жасанды интеллект тетіктерін енгізу.

Жоспарда барлығы 44 іс-шара қарастырылған.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу: